Ақорда Светлана Жақыпованың қызметтен босатылғаны туралы Жарлық шығарды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды», – делінген Ақорда таратқан ресми хабарламада.
Светлана Жақыпова бұл қызметке Мемлекет басшысының Жарлығымен 2023 жылғы 2 қыркүйекте тағайындалған болатын.