homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Тоқаев министр Жақыпованы қызметінен алып тастады

27.01.2026, 15:57

Ақорда Светлана Жақыпованың қызметтен босатылғаны туралы Жарлық шығарды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды», – делінген Ақорда таратқан ресми хабарламада.

Светлана Жақыпова бұл қызметке Мемлекет басшысының Жарлығымен 2023 жылғы 2 қыркүйекте тағайындалған болатын.