homepage
Фото: ҚазАвтоЖол

Әкімдіктер «орнаттық» деген дәретханалардың көбі жабық болып шықты

27.01.2026, 13:06

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов туристік аймақтарды абаттандыру барысында формальды есеп берудің көбейгенін мәлімдеді. Ол бұл туралы Үкімет отырысында айтты деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Министрдің сөзінше, бірқатар өңірде санитарлық-гигиеналық тораптарды орнату қағаз жүзінде ғана орындалған.

«Кей жерлерде абаттандыруға қатысты ұйымдастырушылық мәселелер бар. Дәретханалар мен қоқыс контейнерлерінің болмауы соның айқын көрінісі. Жағажай аймақтарының көбі жабдықталмаған, аумақтарға бөлінбеген. Бұл жағдай барлық өңірге ортақ», – деді ол.

Ербол Мырзабосынов әкімдіктердің берген есебі мен нақты жағдайдың бір-біріне сәйкес келмейтінін атап өтті.

«Өңірлер бұл мәселе шешілді деп, жалпы саны 60 санитарлық-гигиеналық торап орнатылғанын хабарлады. Алайда қайта тексеру кезінде олардың көпшілігі жабық тұрғаны және инженерлік желілерге қосылмағаны анықталды», – деді министр.