homepage
Фото: Juzmedia.kz коллажы

Қазақстанда Busta Rhymes, Timbaland және Николь Шерзингер концерт береді

27.01.2026, 12:03

Биыл Қазақстанда әлемдік деңгейдегі жұлдыздардың қатысуымен бірнеше ірі концерт өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында «Kazakh Tourism» басқарма төрағасы Ғазиз Талғатов айтты деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оның айтуынша, алғашқы концерт мамыр айында өтеді. Сахнаға Busta Rhymes, Timbaland және Николь Шерзингер шығады. Сондай-ақ өзге де шетелдік әртістер өнер көрсетпек. 

«Жыл соңына дейін кемінде бес ірі концерт ұйымдастыру жоспарланып отыр», – деді Ғазиз Талғатов.