Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Ташкентте Халықаралық World Boxing федерациясының басшысы Геннадий Головкинді қабылдады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ресми кездесуде тараптар олимпиадалық боксты дамыту, халықаралық ынтымақтастықты күшейту және серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады. Кездесу Ташкент қаласында өтті.
Головкин Өзбекстанды әлемдік бокстағы стратегиялық әріптес ретінде атап өтті. Оның айтуынша, елдің Азиядағы боксты дамытуға белсенді қатысуы және әлемдік әрі құрлықтық жарыстарды ұйымдастырудағы үлесі зор.
World Boxing федерациясының басшысы көрсетілген құрмет үшін алғыс білдіріп, World Boxing пен Өзбекстан арасындағы бірлескен жобаларды жалғастыруға дайын екенін растады.