Ресми дерекке сәйкес, 28 жастағы әйелге қатысты іс Қылмыстық кодекстің «Азаптау» бабымен тергеліп жатыр. Аталған бап бойынша 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Тергеу кезеңінде сот күдіктіні қамауда ұстауға санкция берген.
Жетісу облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Руслан Чарапиевтің айтуынша, іс бойынша барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Қажетті сот сараптамалары тағайындалды, оның ішінде сот-психиатриялық сараптама да бар. Сараптама қорытындысы әзірге дайын емес. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау таңдалды. Сараптамалардың нәтижесі алынғаннан кейін және тергеу толық аяқталған соң, түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады», – деді ол.