Қостанай облысының Амангелді және Меңдіқара аудандарының әкімдері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы өңір басшысы Құмар Ақсақалов айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
ЖЫЛУ БЕРУ ЖҰМЫСЫ БҰЗЫЛҒАН
Kstnews.kz жазуынша, бұл аудандарда жылу беру маусымы басталғалы бері екі рет жылу беру тоқтап қалған.
«Мұндай апаттар болмауы тиіс. Қазандық жабдықтарының жұмысы әрқашан ерекше бақылауда болуы керек. Осы мақсатта облыс әкімдігі жанынан тиісті бөлімшелер, коммуналдық кәсіпорындар мен мамандардан тұратын жедел штаб құрылды. Төтенше жағдай болғанда дереу түзету шаралары қабылданады», – деді Құмар Ақсақалов.
ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАНША АҚША БӨЛІНГЕН?
Биыл жылумен қамтуға 17 млрд теңге бөлінді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 21 пайызға артық. 24 шақырымға жуық жылу желілері жөнделді. Соның нәтижесінде облыс бойынша жылу желілерінің тозуы 47,4-тен 46,7 пайызға, екпінді желдер саны 10 пайызға азайған.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.