homepage
Фото: t.me/news24kg

Шыңғыс Айтматовтың әпкесі жазушының 100 жылдығын тойламауды сұрады

27.01.2026, 01:50

Қазақ пен қырғызға ортақ жазушы, әйгілі классик Шыңғыс Айтматовтың әпкесі Роза Айтматова жазушының 100 жылдық мерейтойын атап өтуге қарсылық білдірді, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 24.KG сілтеме жасап. 

Роза Айтматова Қырғызстан үкіметіне әйгілі ағасының 100 жыл толуына арналған іс-шараларды өткізбеуді және мерейтойға бөлінген қаражатты халықтың тұрмысын жақсартуға жұмсауды сұрап үндеу жолдаған. 

“Мен “Айтматовтың 100 жылдығына бөлінген қаражатты басқа да пайдалы іске жұмсауға болар еді” деген сөздер айтылатынына сенімдімін. Сондықтан алдын ала үкіметтен осы қаражатты қарапайым халықтың өмірін жақсартуға жұмсауды сұраймын. Оған, оның рухына деген шынайы құрмет – осы болар еді”, – делінген үндеуде.

Ол сондай-ақ Шыңғыс Айтматовтың дүниеден өткеніне 17 жыл толса да, оны сынайтындар әлі де табылатынын айта келе, жазушының рухын мазаламауға, оның есімін қорламауды сұраған. 

“Шыңғысты асыра дәріптеудің де, қаралаудың да қажеті жоқ. Оның рухы байыз тапсыншы”, -дейді Роза Айтматова.