homepage
фото: ашық дереккөзден

Екібастұзда екі жасөспірімнің өлімі тергеліп жатыр

27.01.2026, 01:15

Екібастұздықтарды екі күнде екі жасөспірімнің өлімі есеңгіретіп тастады. 17 жастағы қыз бен жігіт өз үйлерінде, өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Juzmedia.kz Павлодар облыстық полиция депаратментіне сілтеме жасап. 

Кейін анықталғандай олар дос болған, бұрын бір сыныпта оқыған. Әуелі жас жігіттің денесін туыстары өз үйінен тапқан, екі күн өткен соң қыз бала да өз үйінде өз өмірін қиған. 

Қайғылы оқиғаның мән-жайын полиция тергеп жатыр. Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлауынша, екі жағдай бойынша да сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Полиция өз-өзіне қол жұмсау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады», – делінген хабарламада.