homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

10 мың теңгелік ескі купюралар айналымнан алынбайды

26.01.2026, 19:26

Қазақстан Ұлттық банкі 10 мың теңгелік ескі үлгідегі банкноталардың қатар айналымда жүру мерзімін ұзарту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл шешім аталған купюралардың халық пен кәсіпкерлер арасында көп қолданылуымен байланысты, деп хабарлайлы Juzmedia.kz.

Қазір елде «Сақ стилі» жаңа сериясындағы банкноталар кезең-кезеңімен айналымға енгізіліп жатыр. Барлық номиналдар шығарылған, тек 20 мың теңгелік банкнота 2026 жылдың соңында айнылмға енбек. 

2026 жылы 2 мың және 10 мың теңгелік банкноталардың айналым мерзімі аяқталады. Осыған байланысты Ұлттық банк 10 мың теңгелік купюралар бойынша мерзімді ұзарту нұсқасын қарастырып отыр.

«Ұлттық банк 10 мың теңгелік банкноталардың айналымда жүру мерзімін ұзарту мүмкіндігін қарастырып отыр, себебі бұл купюралар халық пен кәсіпкерлер арасында ең көп қолданылатын банкноталар саналады», делінген ресми хабарламада.

Ұлттық банктің мәліметінше, екі номиналдың айналым мерзімінің бір мезгілде аяқталуы банк жүйесіне қосымша салмақ түсіруі мүмкін. Ал мерзімді ұзарту азаматтар мен кәсіпкерлерге ескі банкноталарды асықпай айырбастауға мүмкіндік береді.

Қатар айналым кезеңі аяқталғаннан кейін де екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» ескі үлгідегі банкноталарды үш жыл бойы жаңа купюраларға айырбастайды, ал Ұлттық банк филиалдарында айырбастау мерзімсіз жүзеге асырылады.