homepage
Фото: Ақорда

Құрылтай төрағасына басты талап қандай болмақ?

26.01.2026, 16:14

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның екінші отырысында Құрылтай төрағасына қойылатын талапқа қатысты ұсыныс айтылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Отырыс барысында сенатор Нұрлан Бекназаров Құрылтайды мемлекеттік тілді еркін меңгерген тұлға басқаруы қажет деп санайды. 

«Құрылтайды мемлекеттік тілді еркін меңгерген депутаттар арасынан Құрылтай депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы сайланған төраға басқарады. Құрылтай төрағасы лауазымына кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады», деді ол.