homepage
Фото: gov.kz

Теңіз кен орнында мұнай өндіру қайта басталды

26.01.2026, 15:49

Теңізшевройл компаниясы Теңіз кен орнында мұнай өндіруді кезең-кезеңімен қалпына келтіре бастады. Бұған дейін өндіріс электрмен жабдықтау жүйесіндегі техникалық ақауға байланысты уақытша тоқтатылған еді, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Алайда, шикізат өндіру процесі әлі толық қалпына келген жоқ, оның нақты мерзімі мен жоспарланған өндіру көлемі әзірге белгісіз. Компания процестің қауіпсіздігіне басымдық беріліп отырғанын, сондықтан барлық жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асатынын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысындағы Теңіз және Королев кен орындарында мұнай өндіру тоқтатылған болатын. Оған электр энергиясын тарату жүйесіндегі ақау. Компания дерегінше, оқиға екі газ турбиналы генератордың арасындағы трансформатордың жануынан туындаған.