homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Үндістаннан үрейлі хабар: қауіпті вирус Қазақстанға жетті ме?

26.01.2026, 15:11

Үндістанда Нипах вирусын жұқтырғандар саны көбейіп барады. Вирус қауіпті әрі оған төтеп беретін вакцина жоқ. Елдің батысындағы Бенгалия штатында бес адам бұл вирусты жұқтырғаны анықталып отыр. Қазақстанда бұл инфекция тіркелген жоқ деп мәлімдеді, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Алайда, ведомство қазақстандықтарды барынша абай болуға шақырады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мәліметінше, Нипах вирусы – жануарлардан, атап айтқанда жарқанаттардан, шошқадан, лас тағам мен су арқылы жұғады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл вирусты жоғары қауіп төндіретін патогендер қатарына жатқызады.

«Вирустың алғашқы белгірелір – жоғары температура, жөтел немесе қатты бас ауруы. Қауіпті аймақтарда болып, осы симптомдарды байқасаңыз дереу медициналық көмекке жүгініп, хабарлау қажет», – деп мәлімдеді Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы.

ДДҰ дерегінше, Нипах вирусының өлім-жітім деңгейі 40–75 пайыз шамасында. Ал аман қалған адамдарда ұзақ мерзімді неврологиялық асқынулар, соның ішінде тұрақты тырысу немесе психоневрологиялық өзгерістер байқалуы мүмкін. Дәрігерлер бұл вирустың Covid-19 инфаекциясынан да қауіпті екенін айтып үрейлендіріп отыр.