Филиппиннің оңтүстігінде ішінде 332 жолаушылар паромы суға батып кетті. Әзірге 15 адамның қаза тапқаны белгілі, тағы ондаған адам хабар-ошарсыз, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Апат түнгі уақытта Басилан аралы маңында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, паром бортында 332 жолаушы және 27 экипаж мүшесі болған. Кеменің рұқсат етілген сыйымдылығы - 352 адам.
Құтқару қызметтері шамамен 316 адамды эвакуациялаған. Қалған жолаушыларды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жағалау күзетінің мәліметінше, кейбір адамдардың құтқару кеудешесін кимеген күйде суға түсуі мүмкін, бұл іздестіру операциясын күрделендіріп отыр.
Іздеу-құтқару жұмыстарына кемелер мен әскери авиация тартылған. Апаттың нақты себептері анықталып жатыр.