Әлемдік қаржы саудасында алтын бағасы тарихта алғаш рет бір троя унциясы үшін 5 000 АҚШ долларынан асып жығылды. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Бұл өсімге геосаяси тұрақсыздық пен инвесторлардың қауіпсіз активтерге сұранысының артуы әсер еткен, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Жалпы, бағалы металдар нарығында баға айтарлықтай өскен. Атап айтқанда, күміс бағасы да өз рекордын жаңартып, унциясына 109,2 долларға жетті. Ал, платина сәуір айындағы келісімшарттар бойынша бір трой унциясы үшін 2 897 доллар болса, ал бүгін оның құны шамамен 2 800 долларға тең.