homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Бірнеше өңірде бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды

26.01.2026, 10:02

Қолайсыз ауа райына байланысты 2026 жылғы 26 қаңтарда Қазақстанның бірқатар өңірінде оқушылардың бір бөлігі қашықтан оқу форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Батыс Қазақстан облысында, атап айтқанда Орал қаласында ауа температурасының минус 25,2 градусқа дейін төмендеуіне байланысты бірінші ауысымдағы 1–4 сынып оқушылары қашықтан оқуға жіберілді.

Павлодар облысында Павлодар қаласында бірінші ауысымда оқитын 0–4 сынып оқушылары үшін де дәстүрлі сабақтар тоқтатылып, онлайн оқу енгізілді.

Ақмола облысында Көкшетау қаласының мектептерінде бірінші ауысымдағы 1–4 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшкен.

Бұған дейін 26 қаңтар күні ауа райының күрт нашарлауына байланысты Қостанай қаласында да бірқатар сынып үшін қашықтан оқу форматы енгізілетіні хабарланған болатын.