Дүйсенбі, 26 қаңтар күні Қазақстанның солтүстік өңірлерінде қатты аяз сақталады, ал оңтүстікте бұлтты ауа райы, кей жерлерде қар, тұман және көктайғақ болады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Батыс пен шығыста да ауа райы бұлтты, кей аймақтарда қар жауады. Орталық өңірлерде тұман және қар болжанып отыр. Солтүстікте түнгі температура минус 30 градусқа дейін төмендесе, күндіз де қатты аяз сақталады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста күндіз ауа температурасы нөлден жоғарылап, кей қалаларда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсуі мүмкін.
Алматы, Шымкент және бірқатар өңірлерде тұман мен көктайғаққа байланысты дауылды ескерту жарияланған. Бұған дейін Қазгидромет аталған күнге қолайсыз метеожағдайлар жөнінде алдын ала хабарлаған болатын.