Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері пәтер ұрлаумен жүйелі түрде айланысқан күдіктерілер тобын ұстады деп хабарлайды Juzmedia.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу дерегінше, күдіктілер ұйымдасқан түрде әрекет етіп, тұрғын үйлерге заңсыз кіріп, азаматтардың бағалы заттары мен мүлкін ұрлаған. Ұстау және кейінгі тергеу шаралары барысында күдіктілердің қылмысына қатысын дәлелдейтін айғақтар тәркіленген. Ұрланған мүліктің бір бөлігі заңды иелеріне қайтарылған.
Қазіргі уақытта олардың бірнеше қылмыс эпизодына қатысы анықталған. Сонымен қатар күдіктілердің Алматы аумағындағы басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр. Барлық дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, жедел-іздестіру және тергеу амалдары жүргізілуде.