homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Жетісу облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

25.01.2026, 14:05

Қайғылы жол-көлік оқиғасы 24 қаңтар күні шамамен сағат 15:30-да Жетісу облысы Ақсу ауданындағы «Көшкентал – Қапал» автожолында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, Toyota Avalon және Toyota Camry маркалы екі жеңіл автокөлік соқтығысқан деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Апат салдарынан бес адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі жолаушы түрлі дәрежедегі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталып жатыр.