homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Рудныйда 19 жастағы жігіттің өліміне күдікті екі жасөспірім ұсталды

24.01.2026, 14:27

Қостанай облысының полиция департаменті Рудный қаласында адам өліміне қатысты күдікке ілінген екі жасөспірімнің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұған дейін 23 қаңтарда көпқабатты тұрғын үйдің бір подъезінен пышақ жарақатымен 19 жастағы Рудный тұрғынының мәйіті табылғаны хабарланған.

Тергеу барысында кісі өлтіруге күдікті ретінде 17 жастағы Рудный қаласының тұрғыны және оның құрдасы, Бейімбет Майлин ауданынан шыққан жасөспірім анықталған. Полиция мәліметінше, күдіктілер марқұммен бұрыннан таныс болған.

Алдын ала деректерге сәйкес, қылмысқа жеке қарым-қатынастарға байланысты туындаған жанжал себеп болған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.