homepage
фото: ашық дереккөзден

Ұлттық қор - балаларға: биылғы төлем мөлшері қандай?

23.01.2026, 14:39

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Ұлттық қор есебінен балалар есебіне түсетін төлем мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Juzmedia.kz

Ол былтырғы жылғы сомамен шамалас. Әр баланың есебіне 100–130 АҚШ доллары көлемінде төлем жасалады. 

“Әр баланың шотына нақты қанша сома түсетінін біз 1 ақпанда  ресми түрде жариялаймыз. Төлем мөлшері ненің есебінен қалыптасады? Біріншіден, дүниеге келген балалардың саны есепке алынады, екіншіден, кейбір балалар елден көшіп кетеді немесе азаматтықтан шығады. Сондықтан Үкіметтегі әріптестерімізбен бірге нақты қанша балаға қанша қаражаттың есептелетінін анықтаймыз”, – деп түсіндірді Тимур Сүлейменов.