homepage
фото: Атамекен ҰКП

"Атамекеннің" басшысы ауысты

23.01.2026, 13:26

“Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезінде президиумның жаңа төрағасы сайланды. Райымбек Баталов босап, бұл қызметке Қанат Шарлапаев келді, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

Райымбек Баталов “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының басшасы болып осыдан тура төрт жыл бұрын, 2022 жылдың ақпанында тағайындалған. 

Ал, енді бұл қызметті 45 жастағы Қанат Шарлапаев атқармақ. Ол әр жылдары “Бәйтерек” холдингінің басқарма төрағасы, ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметтерін атқарған. 2025 жылғы 28 ақпан мен 25 қыркүйек аралығында президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болды.