homepage
фото: ашық дереккөзден

Серік Сәпиевті орынбасары сабап тастады

23.01.2026, 13:13

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті орынбасары соққыға жықты деген ақпарат тарады. Қарағанды облысының спорт басқармасын басқаратын Сәпиев пен оның орынбасары, джиу-джитсудан чемпион Дәурен Есімханов жаға жыртысып, төбелескен деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

Оқиға 21 қаңтарда, Қарағанды қаласындағы спорт кешендіренің бірінде болған. Полицияның мәліметінше, оқиға бойынша денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісімен қылмыстық іс тіркелді.

“Мемлекеттік қызметте жүрген Сәпиевті көйлегін шешіп, костюмін жыртып, көшеде көк ала торғайдай сабап кетіпті. Ұрған бөтен емес. Орынбасары екен”, – деп жазды спорт журналисі Бек Төлеуов. 

Қазіргі уақытта жәбірленушінің алған жарақатын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Құзырлы органдар істің барлық мән-жайын анықтап жатыр.