homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Жаңаөзенде шетелдіктерді елге заңсыз кіргізіп келген қылмыстық топ құрықталды

23.01.2026, 12:37

Жаңаөзен қаласында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың жолы кесілді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ішкі істер министрлігі мәліметінше, ұсталған адамдар таяу шет елдердің азаматтарына Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтуге көмектескен. Олар бұл қызметі үшін ақшалай сыйақы алып отырған.

«Тінту барысында күдіктілерден 500-ден аса сенімхат, шетелдік төлқұжаттар, жалған құжаттар және байланыс құралдары тәркіленді», – делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша ұйымдастырушыларға қатысты Қылмыстық кодекстің «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.