homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Мұнай арзандай бастады

23.01.2026, 11:04

Әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандай бастады. Бұл АҚШ президенті Дональд Трамптың Греландия мен Иранға қатысты саяси ұстанымының жұмсаруымен байланысты болуы кәдік деп хабарлайды Juzmedia.kz. Reuters-ке сілтеме жасап.

Геосаяси тәуекелдердің әлсіреуі санкциялар алынған жағдайда мұнай экспортының өсуіне жол ашуы мүмкін. Бұл тек Ресейге ғана емес, Қазақстан мен Венесуэлаға да қатысты. Қазақстан шикізатын жөнелтуді шектеп тұрған Қара теңіздегі мұнай терминалындағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, ал Венесуэладан экспорттық ағындар қайта жанданып жатыр. Осы факторлардың әсерінен наурыз айындағы Brent маркалы мұнай фьючерстері шамамен 2,5 пайызға арзандап, баррелі 64 доллардан сәл жоғары деңгейде саудаланды.

Ал америкалық WTI маркалы мұнай бағасы 0,7 пайызға өсті. Сарапшылар бағаның қазіргі төмендеуін уақытша құбылыс ретінде бағалайды. Алдағы күндері АҚШ-та ауа температурасының төмендеуі дизель отынына сұранысты арттырып, мұнай бағасының қайта өсуіне ықпал етуі мүмкін.