homepage
Jon Butterworth o/ Unsplash

Көкшетауда мектеп құрылысы кезінде адамның бас сүйегі табылды

06.12.2024, 09:21

Көкшетауда жаңадан салынып жатқан №10 мектептің құрылыс алаңынан адамның бас сүйег табылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

ЖАҢА МЕКТЕП ЗИРАТ ЖАНЫНДА ОРНАЛАСҚАН

Sinegor.kz жазуынша, жаңа мектеп зират жанында орналасқан.

Ақмола облысының полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

«Полиция департаменті 2024 жылдың 3 желтоқсанында Бармашино ықшамауданындағы №10 мектептің құрылыс алаңында қазу жұмыстары кезінде (іргетас шұңқыры) экскаватор жүргізушісі адамның бас сүйегі табылғанын хабарлады. Адам сүйегі қалдықтары жақын маңдағы христиан зиратының сол жағында, шамамен 100-200 метр қашықтықтан табылған», - деді ведомство өкілдері.

БАС СҮЙЕКТІҢ ИЕСІ АНЫҚТАЛМАҚ

Ақмола облысы бойынша сот сараптамасы орталығы сарапшысының қатысуымен тексеру барысында бас сүйегіне сараптама жүргізілді. Кейінірек бас үсйектің кімге тиесілі болғанын анықтау үшін тиісті сараптамаға жіберілді.

«3 желтоқсанда сүйек қалдықтары иесін екенін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген хабарламада.