Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптыңбастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
22 қаңтарда Давос форумында «Бейбітшілік кеңесі» таныстырылды. Ұйым жарғысына қол қою рәсіміне Қазақстан президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысты.