Солтүстік Қазақстан облысындағы Ольшанка ауылында өрт салдарынан қаза тапқан бес жасар қыздың анасы қамауға алынды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
ҚР Ішкі істер министрлігі басшысының орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша бес жасар баланы жалғыз қалдырып, үйді құлыптап кеткен әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалған.
«Солтүстік Қазақстан облысында анасы баланы үйде жалғыз қалдырған, содан кейін өрт шыққан. Осы факт бойынша баланы қауіпті жағдайда қалдыру бабымен қылмыстық іс қозғадық. СҚО тұрғыны қамауға алынды, қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», – деді Санжар Әділов.
Қайғылы оқиға 18 қаңтар күні кешке Ольшанка ауылында болған. Жеке тұрғын үйде шыққан өрт кезінде бес жасар қыз көз жұмды. Өрт болған сәтте бала үйде жалғыз болғаны анықталды.