homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қаскелең мектебінде 9-сынып оқушысы көз жұмды

22.01.2026, 12:09

Қаскелең қаласындағы мектептердің бірінде 9-сыныпта оқитын жасөспірім көз жұмды. Оқиға бойынша уәкілетті органдар тексеру және тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Алматы облысының білім басқармасының хабарлауынша, үзіліс кезінде оқушының жағдайы күрт нашарлап, мектеп әкімшілігі жедел жәрдем шақырған. Баланың әкесіне бірден хабар берілген, ал анасы бөлек тұрады. Жасөспірімнің жанында мектепте география пәнінен сабақ беретін нағашы әжесі болған. 

Оқиға орнына жеткен дәрігерлер барлық қажетті реанимациялық көмекті көрсеткенімен, баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді, оның нәтижесі бойынша қосымша мәлімет ұсынылады.