homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Оңтүстік Кореяда жүрген қазақстандықтарға құлаққағыс

22.01.2026, 11:35

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Оңтүстік Кореяда көші-қон талаптарын бұзып жүрген қазақстандықтар 2026 жылдың ақпан айының соңына дейін елден өз еркімен шықса, айыппұл төлемейді және қайта кіруге тыйым салынбайтынын айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Министрліктің мәліметінше, бұл шешім 2025 жылы Корея Республикасының Әділет министрлігі-мен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде қабылданған. Бағдарлама қылмыс жасағандарға, мәжбүрлі түрде шығарылатындарға және 2025 жылғы 1 желтоқсаннан кейін заңсыз мәртебеге түскендерге қолданылмайды.

Ерікті түрде шығу үшін жарамды төлқұжат, өтініш және әуе билеті қажет. Хабарлама Оңтүстік Корея иммиграциялық органдарына ұшуға 15–3 күн қалғанда беріледі. Министрлік шетелде тек заңды жолмен жұмыс істеуге және ресми арналарды пайдалануға шақырды.