homepage
Фото: ашық дерекөзден

3 117 - Ирандағы наразылық құрбандарының саны

22.01.2026, 10:00

3 мың 117 адам. Ирандағы наразылық құрбандарының саны осыншаға жетті. Бұл мемлекеттік телеарнадан айтылған ресми ақпарат, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

Бұған дейін Иран үкіметі «бірнеше мың» адамның қаза тапқанын мойындағанымен, нақты санын айтпай келген. 

АҚШ-та орналасқан Human Rights Activists News Agency құқық қорғау ұйымы қаза болғандар саны бұдан әлдеқайда көп деп топшылайды. Кем дегенде 4560 адамның қаза тапқанын айтады. Алайда бұл дерек расталған жоқ. 

Иранның Tasnim ақпарат агенттігінің мәліметінше, наразылықтар кезінде 460-тан астам мемлекеттік ғимарат зақымданған, 700-ден астам банкке, 480-нен астам мешітке шабуыл жасалып, өрт қойылған. 

Осыдан екі күн бұрын Иранның құқық қорғау күштерінің бас қолбасшысы Ахмад-Реза Радан қалаларда қоғамдық тәртіп толық қалпына келгенін мәлімдеген. 

Еске салайық, наразылықтар Иранның ондаған қаласында 2025 жылдың желтоқсан айының соңында ұлттық валюта - риалдың күрт құнсыздануынан кейін басталған болатын.