Молдова Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан (ТМД) толық шығатын болды. Бұл жөнінде елдің вице-премьері әрі Сыртқы істер министрі Михай Попшой мәлімдеді.
Попшойдың паймынша, Молдова де-факто ұйымның құрамынан әлдеқашан шығып кеткен. 2023 жылдан бері құрылымның жұмысына қатыспайды, енді заңды түрде мүшелігін толық тоқтатпақ. Ұйым аясында қол қойылған 255 келісімнің 64-нің күші жойылған. Алдағы ақпан айының ортасында ел үкіметі бұл жұмысты толық аяқтайды.
Молдовалықтар бұл шешімді "еуропалық интеграцияға жасалған батыл қадам” деп бағалап жатыр.
Бұған дейін елдің қаржы министрлігі 2020-2023 жылдары Молдованың бюджетінен ТМД-ның мүшелік жарғысына 1,8 млн доллар бөлінгенін хабарлаған.
Осылайша, Молдова ТМД-ның қатарынан шыққан үшінші посткеңестік ел атанды. Ұйымға мүшелігін 2008 жылы Грузия, 2014 жылы Украина тоқтатқан. Осыдан 35 жыл құрылған ТМД ұйымына қазір Әзербайжан, Армения, Беларусь, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей мен Қазақстан мүше.