Мемлекет басшысы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны (Конституциялық комиссия) құру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Juzmedia.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Конституциялық комиссияның құрамы да жарияланды. Комиссияның төрағасы болып Конституциялық соттың басшысы Эльвира Әзімова бекітілді. Ал, мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин мен Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оның орынбасарлары болып тағайындалды.
Комиссия мүшелігіне депутаттар мен әкімдер, журналистер мен қоғам қайраткерлері енді. Бас-аяғы 125 адам.