homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Өгей әкенің қорлығы

21.01.2026, 17:37

Кентау қаласының 45 жастағы тұрғыны бес жыл бойы 6 және 8 жастағы екі өгей қызын зорлап келген деген күдікке ілінді. Бұл жайтты Түркістан облысының полиция департаменті растады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Түркістан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025 жылғы желтоқсан айында екі кәмелетке толмаған балаға қатысты заңсыз әрекеттер дерегі бойынша полицияға арыз түскен.

«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу қорытындысы бойынша еліміздің заңнамасына сәйкес шешім қабылданады», – деп мәлімдеді полиция.

Ведомство өкілдері тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.