Шымкентте жол-көлік оқиғасынан тұтанған төбелеске қатысы бар деген төрт күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
«Күдіктілерді анықтау және ұстау үшін департаменттің барлық күші мен құралдары жұмылдырылды”,-делінген полиция хабарламасында
Қазір қамауда отырған төртеудің айыбы дәлелденген соң, «Адам өлтіру», «Бұзақылық» және «Адам ұрлау» баптары бойынша жаза тағайындалатын болады.
Еске салсақ, 20 қаңтар күні Шымкент қаласындағы Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болып, кейін жүргізушілер арасында жанжал туындап, оған үшінші көлікпен келген адамдар қосылған. Төбелес барысында бірнеше адам пышақ жарақатын алған. Кейін олардың біреуі көз жұмып, тағы бір адам ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы әлі де ауыр, ол жансақтау бөлімінде жатыр.