Ермұхамет Ертісбаев жариялаған видео TikTok-та қызу талқыға түсті. Әкесінің айтуынша, жедел жәрдем дәрігерлері ұлын аман алып қалуы мүмкіндігі бола тұра асықпаған.
Оны офицердің көлігіне тиеп, қалаға алып кетті. Оларды жедел жәрдем көлігі күтіп алды. Осы дәрігерлердің де жауапқа тартылуын қалаймын. Тек сөгіс емес, оларды жұмыстан шығару үшін. Олар ешқандай медициналық көмек көрсетпеген. Ал менің балам 30-40 минут қиналған! Бұл өте азапты өлім – оқ бетіне тиген! Бетіне тиген оқ, қарақұсын тесіп шыққан, яғни миы жұмыс істеп тұрды», - дейді ол видеожазбада.
Айта кетейік, қайғылы оқиға 7 қыркүйек күні болған. Ақтаудағы Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлімде взвод командирі қатардағы Марат Барқұловқа қызметтік тапаншасынан оқ атқан. Сарбаз госпитальға апарар жолда қайтыс болды. Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі - «Қасақана кісі өлтіру» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Қорғаныс министрлігі кінәлілер қатаң жауапқа тартылып, қаза тапқан әскери қызметшінің отбасына жан-жақты көмек көрсетіледі деп сендірді.
Марат Барқұловты туыстары 10 қыркүйекте ақтық сапарға шығарып салды.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.