homepage
Фото: видеодан алынған кадр

“Боратша” киінген бельгиялық жанкүйерлер жазаланады

21.01.2026, 15:16

Астанада өткен “Қайрат” пен бельгиялық “Брюгге” арасындағы футбол матчына үш шетелдік жанкүйер “Борат” фильмі кейіпкерінің киімімен келген. Жасыл түсті купальникті киіп, стадионда ерсі қылық көрсеткен олар елдің ашуын туғызды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Елордалық Полиция департаменті айналадағыларға құрметсіздік танытқаны үшін оларды ұстап әкеткен. Қазіргі уақытта оларға қатысты әкімшілік іс қозғалып, жинақталған материалдар шешім шығару үшін сотқа жолданды. Оқиғаның мән-жайы анықталғанша шетелдіктер уақытша ұстау орнына қамалды.

Айта өту керек, "Қайрат” кешегі матчта "Брюггеден" 1:4 ойсыра жеңілді.