homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Bloomberg: Трамп «Бейбітшілік кеңесін» өмір бойы басқаруы мүмкін

21.01.2026, 10:45

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп өзі құрған «Бейбітшілік кеңесінің» төрағасы қызметін президенттік өкілеттігі аяқталғаннан кейін де сақтап қалуы ықтимал, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ұйым жарғысының жобасына сәйкес, Трамп бұл лауазымды өз еркімен отставкаға кеткенге дейін атқара алады.

Құжатта кеңес шешімдері көпшілік дауыспен қабылданғанымен, олардың барлығын бекіту құқығы төрағаға тиесілі екені көрсетілген. Сонымен қатар, ұйымның қаржысын басқару да Трамптың құзыретінде болады.

Бұған дейін Дональд Трамп жаңа халықаралық құрылым – «Бейбітшілік кеңесін» құратынын жариялаған. Бұл ұйым Газа секторындағы келісімдердің орындалуын бақылау тетігі ретінде қарастырылып отыр.