homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Нұрайдың өлімі: Президент Шымкент полициясын тексеруді тапсырды

20.01.2026, 15:41

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрайдың өліміне қатысты істен кейін Шымкент қалалық полиция департаментінің әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырды. Мемлекет басшысы бұл туралы Ұлттық құрылтай отырысында айтты деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Президенттің айтуынша, аталған оқиға қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызып, осы оқиға бойынша құрылтайға 130-дан астам өтініш түскен. 

«Күдіктінің Нұрайды аңдып, маза бермей, қоқан-лоқы көрсеткені анықталып отыр. Ақыры, мұның арты адам өліміне әкеп соқтырды. Осыған байланысты Ішкі істер министріне Шымкент қалалық департаментінің әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырдым. Бас прокурор да бұл мәселені мұқият тексереді», – деді Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы қыз алып қашуды ауыр қылмыс ретінде бағалады.

«Қыз алып қашу – адам ұрлау деген сөз, бұл – ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел, жабайы қылмыс. Ондай қатігездікке ешқашан жол беруге болмайды. Жыл өткен сайын халықтың сана-сезімі өсіп, қоғамда азаматтық жауапкершілік деңгейі артып келеді. Заңнамалық өзгерістер де соған сай болуы өте маңызды», – деді Президент.