homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Елена Рыбакина Australian Open турнирін сенімді бастады

20.01.2026, 12:32

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open турниріндегі алғашқы ойынында сенімді жеңіске жетті. Әлемнің 5-ракеткасы словениялық Кайя Юванды 6:4, 6:3 есебімен ұтты деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Екінші сет 39 минутқа созылды. Ал матч жалпы 1 сағат 12 минутта аяқталды.

Айта кетейік, биыл Australian Open турнирінің алғашқы айналымында Қазақстан атынан бес теннисші өнер көрсетті. Юлия Путинцева, Елена Рыбакина, Александр Бублик пен Александр Шевченко екінші айналымға өтті. Ал Зарина Дияс испаниялық Паула Бадосаға есе жіберіп, жарысты аяқтады.

Рыбакина бұл турнирдегі ең жоғары нәтижесін 2023 жылы көрсетті. Сол кезде ол финалға дейін жетіп, беларусьтік Арина Соболенкоға жол берген еді. Келесі айналымда қазақстандық теннисші франциялық Варвара Грачевамен кездеседі.