Жетісу облысы Панфилов ауданына қарасты Жаркент қаласында баласын батареяға байлап ұрған әйел ата-ана құқығынан айырылды. Бұл шешімді 19 қаңтарда әлеуметтік комиссия қабылдады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Оқиға 17 қаңтарда болған. Әлеуметтік желілерде тараған видеодан кейін әйел уақытша тергеу изоляторына қамалып, екі баласы арнайы мекемеге орналастырылды. Полиция кәмелет жасқа толмаған балаға күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Комиссия шешіміне сәйкес, ана балаларды тәрбиелеу құқығынан толық айырылды. Балалардың тағдырына қатысты түпкілікті шешім алдағы уақытта қабылданады.