homepage
Фото: Көлік министрлігі

Астана-1 вокзалының реконструкциясы қашан аяқталады

20.01.2026, 11:33

Көлік министрлігі Астана-1 теміржол вокзалының реконструкциясы биыл қазан айының соңына дейін аяқталатынын мәлімдеді. Жаңғырту нәтижесінде вокзалдың аумағы ұлғайып, жаңа жоспарлау, заманауи инженерлік және цифрлық шешімдер енгізіледі, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Министрліктің мәліметінше, вокзалдың жалпы аумағы 7 827 шаршы метрден 8 409 шаршы метрге дейін кеңейеді. Жаңарту жолаушылар ағынының өсуі, қауіпсіздік пен жайлылық талаптарын ескере отырып жүргізіліп жатыр.

Қазір вокзалдың ескі бөлігі жолаушыларға қызмет көрсетуді жалғастырып отыр. Бұл ғимарат тарихи-мәдени мұра нысаны саналады және кейін «Қазреставрация» мекемесі тарапынан қалпына келтіріледі.