homepage
Фото: Anadolu Ajansı

Израиль Ливанға әуе соққыларын жасады

20.01.2026, 10:05

Израиль билігі «Хезболла» бітім шарттарын бұзды деп айыптап, шабуылдар жалғасуы мүмкін екенін ескертті. 2024 жылғы 27 қарашада жасалған бітім туралы келісімге қарамастан, Израиль Ливан аумағына әуе соққыларын жалғастырып отыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

NNA мемлекеттік ақпарат агенттігінің мәліметінше, Израиль авиациясы Ливанның оңтүстігіндегі Ансар мен Зарария елді мекендерінің арасындағы аумақты, сондай-ақ Серире мен Баруз елді мекендерінің маңындағы Литани өзенінің арнасын бомбалаған.

Бұдан бөлек әскери ұшақтар Басалия, Кафр-Мальки және Махмудия елді мекендеріне, сондай-ақ Лувейза ауылының маңындағы Шетта өзенінің арнасына соққы бергені хабарланды.

Ливан билігі бұл шабуылдарға қатысты ресми пікір білдірмеді. Қаза тапқандар немесе зардап шеккендер туралы да ақпарат жарияланған жоқ.

Ал Израиль армиясы Ливанның оңтүстігіндегі бірқатар ауданда «Хезболлаға» тиесілі делінген нысандардың жойылғанын мәлімдеді.