homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Kazakhmys Copper «Қазақмыс» корпорациясынан толық шықты

19.01.2026, 18:43

Kazakhmys Copper холдингі «Қазақмыс» корпорациясындағы үлесін толық иеліктен шығарды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланған ресми хабарламада айтылған деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Құжатқа сәйкес, Kazakhmys Copper компанияның 99,9 пайыз акциясын сатуға қатысты шешім 2025 жылғы 30 желтоқсанда қабылданған. Осы мәміледен кейін холдинг құрамында тек Qaz Copper Group ЖШС ғана қалған.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, «Қазақмыс» корпорациясының қазіргі иесі – Qazaq Acquisition Corp. Ltd. Бұл компанияның құрылтайшысы – кәсіпкер Нұрлан Артықбаев.

2025 жылдың соңында «Қазақмыс» корпорациясы Qazaq Stroy компаниясының иесіне сатылған. Мәміле барысында Артықбаев корпорацияны швейцариялық шикізат трейдері Mercuria Energy Group Ltd-дан алынған 1,2 млрд доллар көлеміндегі қарыз қаражат есебінен сатып алғаны белгілі болды. 

Айта кетейік, бұған дейін «Қазақмыс» корпорациясының 70 пайыз акциясы Владимир Кимге, ал қалған 30 пайызы Эдуард Огайға тиесілі болған.