homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Доллар арзандады

19.01.2026, 17:35

19 қаңтардағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың 2,44 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Kurs.kz дерегінше, қазіргі уақытта айырбастау пункттеріндегі доллар бағамы мынадай: Алматы қаласында долларды сатып алу 509,50 теңге, сату 511,63 теңге деңгейінде. Астанада сатып алу бағамы шамамен 508,00 теңге, ал сату 515,00 теңге. 

Еске салайық, 2025 жылғы 28 қарашада Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдап, оны 18 пайыз деңгейінде сақтаған болатын. Осы шешімнен кейін биржада доллар бағамы айтарлықтай төмендеген.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңгенің нығаюын ішкі нарықтағы белсенділікпен және базалық мөлшерлеме 18 пайызға дейін көтерілгеннен кейін ірі портфельдік инвестициялардың келуімен байланыстырған еді.

Бұған дейін Ұлттық банк 2025 жылдың желтоқсан қорытындысы бойынша теңге 1,3 пайызға нығайып, доллар 505,73 теңге деңгейінде қалыптасқанын хабарлаған. Жалпы 2025 жыл ішінде ұлттық валюта 3,7 пайызға күшейіп, доллар бағамы 525,10 теңгеден 505,73 теңгеге дейін төмендеген.