homepage
Фото: ашық дереккөзден

Теңіз кен орнында мұнай өндіру тоқтады

19.01.2026, 16:32

“Теңіз” және “Королев” мұнай кен орындарында мұнай өндіру уақытша тоқтады. Бұған өндірістік нысандардағы электр жүйесіндегі ақаулар себеп болған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Еске сала кетейік, 18 қаңтар күні Атырау облысының Жылыой ауданында орналасқан “Теңізшевройл” зауытында өрт шыққан. Жүздеген жұмысшы эвакуацияланып, өрт қысқа уақытта сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. 

Алайда, қызыл жалын кейбір электр тарату жүйелеріне әсер еткен болуы мүмкін, сондықтан сақтық шарасы ретінде екі кен орнында да өндіру жұмыстары уақытша тоқтатылған. Кен орындарында мұнай өндіру қашан басталатыны нақты айтылған жоқ. 

Теңіз – әлемдегі ең ірі мұнай-газ кен орындарының бірі. Оның операторы “Теңізшевройл” компаниясының үлесі мынадай: Chevron – 50%, ExxonMobil (Kazakhstan Ventures Inc) – 25%, «ҚазМұнайГаз» – 20%, «ЛУКОЙЛ» – 5%.