homepage

Маңғыстау облысы әкімдігінің алдында ер адам өзін өртеп жіберді

Juzmedia. kz
05.12.2024, 19:02

Ақтауда ер адам әкімдік алдында өзін-өзі өртеп жіберді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Облыстық ішкі саясат басқармасынан хабарлағандай, оқиға 5 желтоқсанда Маңғыстау облысының әкімдігінің ғимараты алдында болған.

«Е. есімді азамат облыс әкімдігінің ғимаратына келген. Оған әкімдік қызметкерлері әкімнің бүгін жеке мәселелер бойынша қабылдамайтынын, сондықтан азаматтарды қабылдауға белгіленген күні келу керек екенін түсіндірген», - делінген ведомство хабарламасында.

ӘКІМДІК ӨКІЛДЕРІ НЕ ДЕЙДІ?

Келушіні Қарақия ауданы әкімінің орынбасары қабылдаған.

«Қабылдауға көңілі толмаған азамат Е. жанғыш қоспаны үстіне шашып, артынша өзін-өзі өртеп жіберген. Өртті полиция қызметкерлері мен әкімдік тез арада сөндірді, жедел жәрдем шақырылды, олар келгенше зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді», - делінген хабарламада.

ДӘРІГЕРЛЕР ЕР АДАМНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

Lada.kz басылымының жазуынша, ер адам қазіргі таңда жансақтау бөлімінде жатыр.

«Көпсалалы облыстық аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 желтоқсанда сағат 19:19-дағы жағдай бойынша науқастың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр», - делінген хабарламада.

Дәрігерлер әзірге басқа ақпарат берген жоқ.

Ал әлеуметтік желіде тараған ер адам көз жұмды« деген ақпараттың жалған екені хабарланды.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.