homepage
Фото: IIM

Талтүстегі тонау: Алматыда әйелді матап, құнды заттарын қолды қылғандар ұсталды

19.01.2026, 15:35

Алматыда күндізгі уақытта жасалған ірі қарақшылық дерегі әшкереленді. Екі ер адам әйелге шабуыл жасап, 30 миллион теңгеге жуық мүлікті қолды қылған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оқиға қала ішінде болған. 

«Қаскөйлер жәбірленушінің қол-аяғын байлап, ақша, әшекей бұйымдар мен өзге де құнды заттарды алып, оқиға орнынан бой тасалаған», – деп растады Қазақстан Ішкі істер министрлігі.

Қылмыстық іс қозғалып, күдіктілерді іздеу дереу басталған. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, екі адамды ұстады. Олар кінәсін мойындаған. Құқық қорғау органдары ұрланған мүліктің едәуір бөлігін қайтарып үлгерген.

Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында олардың өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.