Испанияның Кордова провинциясында, Адамуз қаласына жақын маңда екі пойыз соқтығысып, кемінде 21 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Juzmedia.kz BBC-ке сілтеме жасап.
Алдын ала ақпарат бойынша, Малага – Мадрид бағытымен келе жатқан пойыз рельстен шығып, қарсы бағыттағы жолға өтіп кеткен. Сол сәтте қарсы беттен келе жатқан екінші пойызбен соқтығысқан. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, соққының күші жер сілкінісіне ұқсас болған.
Апат кезінде екі пойызда шамамен 400-ге жуық жолаушы болуы мүмкін. Зардап шеккендер саны туралы мәліметтер әртүрлі: жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары жараланғандар саны 25-тен 100 адамға дейін жетуі ықтимал екенін жазып отыр.
Қазіргі уақытта апат болған учаскедегі теміржол қозғалысы толық тоқтатылған. Құтқару қызметтері мен медицина мамандары оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Тергеу басталып, апаттың нақты себептері анықталуда.