homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

-38 градусқа дейін аяз, қар мен боран: алдағы үш күнге ауа райы болжам

19.01.2026, 13:01

Синоптиктер 20, 21 және 22 қаңтарға арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын ұсынды. Қазгидромет мәліметінше, алдағы үш тәулікте ел аумағында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Атмосфералық фронттардың ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, жел күшейіп, боран соғуы ықтимал. Елдің оңтүстігінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады. 22 қаңтарда таулы аймақтарда қалың қар түсуі мүмкін. Республика бойынша тұман түсіп, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде көктайғақ болады.

22 қаңтарда Солтүстік Қазақстанда сарышұнақ аяз сақталады, түнде ауа температурасы 25–38, ал күндіз 20–30 градусқа дейін төмендейді. 

Ал, батыс, оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде күн біртіндеп жылына бастайды. 

Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында қатты аяз тіркелген еді. 17 қаңтарда Марқакөл ауданындағы Шанағаты ауылында ауа температурасы минус 56 градусқа дейін төмендеген. Ал Алтай ауданындағы Парыгино ауылында бұған дейін 45 және 53 градус аяз тіркелген.